Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Болат Назарбаевтың баласы үйіме келіп, тінту жүргізді" - генерал-майор Қайрат Көпбаев

20:17, 14 тамыз 2024 287

Adal Adam youtube арнасына ҚР Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің экс-басшысы, бұрынғы генерал-майор Қайрат Рашидұлы Көпбаев сұхбат берді. Сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісінен теперіш көргенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

ҚР Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің экс-басшысының берген сұхбаты жарық көрді.

Ол «жазықсыз сотты болдым» деп әділдік іздеп жүргендердің бірі. Антикор таратқан ақпаратқа сүйенсек, ол біреуді офицерлік лауазымға тағайындау үшін 200 мың теңге пара алған-ды.

2020 жылы оның үстінен жемқорлық айыбымен қылмыстық іс қозғалып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда, Қайрат Көпбаев өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтары жеткілікті екенін айтып жүр. Өзінің ісі «жақтым күйе, жаптым жалаға» құрылған «тапсырыс іс» екеніне және «заказчик» Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі екеніне сенімді. Сұхбат барысында «ойдан құрастырылған қылмыстық іс» туралы ашып айтты.

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеевтің кезінде қалай ұсталғанын және кімдер қамағанын білетінін жеткізді. Бұдан бөлек, сұхбатта Қаңтар оқиғасы, генералдардың жаппай сотталуы, «заказ істер», соттың тәуелсіздігі, әскерге күштеп алып кету сияқты тақырыптар сараланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар