Париж олимпиадасының чемпионы, олимпиданың күміс және қола жүлдегері Елдос Сметов тағы да ел аузында, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көпшілік хан сарайындай мейрамханада өткен той Елдостың Париждегі алтынына арналғанын топшылаған. Бірақ Сметовтар әулеті олимпиада алтынына қосып сүндет той, тілашар тойын тойлады.
Кешке келген эстрада жұлдыздарының арасында Төреғали Төреәлі, Музарт тобы, Досымжан Таңатаров, “Өнер қырандары” театрының әртістері және тағы басқалары бар.
Сондай-ақ Арман Оспанов, Бейбіт Ыстыбаев, Нұрбақыт Теңізбаев сынды спорт саңлақтарын байқауға болады.
Көпшіліктің пікірінше, кештің басты сыйлығы қажылыққа жолдама болған. Оны Елдос Сметов “Өнер қырандары” ұжымына табыстаған. Ұжым алдағы концерттерінің бірінде жолдаманы бір көрерменіне Елдостың атынан табыстайды.
Сметов өзінің әлеуметтік желіде танымал болған биін билеп жиналғандарды бір қуантқан.