Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл менің соңғы Олимпиадам": Ғұсман Қырғызбаев қарсыластарынан қалай басым түскені туралы айтты

21:25, 28 шілде 2024 1562

66 келі салмақта белдескен қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаев жүрекжарды сөзінде «Бұл менің соңғы Олимпиадам. Жасым 32-ге келді. Сондықтан, бар күшімді осында тастадым" деді. Бұл туралы Alash.KZ сайты хабарлады. 

"60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада жолдамасы 66 келіде қолға түсті. Бүгінгі белдесулерге келер болсам, жартылай финалдағы бразилиялық жігіт басқалардан мықты дей алмаймын. Білмедім, жартылай финалда босаңсып кеттім бе?.. Екі ескерту бергені де ойда тұрды, кеңінен көсіле алмадым" дейді палуан.

Ан Баулға біздің палуан соңғы екі әлем чемпионатында жол берген болатын.

Валид Хиярдан да ұтылдым. Испандықты да бұрын жеңген емеспін. Бүгін бәрінен есем қайтты десем, артық емес. Қола медальға таласқан сербиялық спортшы өте мығым екен. Бойы ұзын. Оңай  болмады. Міне, көптен күткен Олимпиада медалі қоржынға түсті. Бұл жеңісті қазақ еліне, ата-анам, әйелім мен балаларыма арнаймын" дейді отандасымыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар