Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұлар басымызға шықты деп Болат Назарбаевтың әйелі бұлқан-талқан болды - Ақбота КЕРІМБЕКОВА

09:41, 19 қыркүйек 2024 2804

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Болат Назарбаевтың отбасымен болған келеңсіз жағдайды баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы Adal Adam ютуб арнасына берген сұхбатында баяндады.

Журналист: “Болат Назарбаевтың арқасында жағдайын жасап алған әншілер бар, солардың қатарына сіз кірмейсіз бе?”,- деген сұрақ қойды.

“Райым-ал мен бегім-ай” деген Саят екеуміздің дуэтіміз болған. Болат аға сол әнді қатты ұнатып қалды. Екі-үш тойына сол әнмен шақыртты. Сыйлап, құрметтеп жүресің, жақыныңның, әріптесіңнің тойларында кейде тегін ән саласың. Күндердің күнінде бара алмай қалсаң, сенен жаман адам болмай қалады. Бір кездері Болат Назарбаев бір жиынына шақырады. Бұл кезде әріптесім екеуміз гонорар сұрадық. Сол кезде жеңгеміз бұлқан-талқан болыпты. Бұлар басымызға шықты дегендей әңгіме айтыпты. Содан кейін мен ол шаңыраққа жоламадым. Бұл 2003-2004 жылдары болған оқиға”,- деді Ақбота Керімбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар