Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бишімбаев "Болашақты» бірге бітірген адамдарын қызметке қойды" - Әбілов

11:44, 22 сәуір 2024 625

Белгілі кәсіпкер Болат Әбілов «Гиперборей» YouTube-арнасына берген сұхбатында басы дауға қалған экс-министр Қуандық Бишімбаевпен кездесуі және Бишімбаев пен Назарбаевтың байланысы туралы айтыпты. Бұл туралы alash.kz даланевске сілтеме жасап хабарлайды.

Әбілов Бишімбаевпен ол түрмеге отырар алдында кездескенін, алғашында интеллегентті азамат болып көрінгенін айтады.

«Бізге солай көрінді. Өте тәрбиелі адам болып көрінді. Ол «Бәйтеректе» (холдинг) болған, сол кезде «БРК» банкке кредит алуды жоспарлап жүргенбіз. Кейінірек ол басқалармен қалай сөйлесетінін естідік: мәдениетсіз, дөрекі екен. «Пацан» бола тұра мемлекеттік қызметте жоғары дәрежеге жеткен адам, бірақ бұл да әділетсіз, орынсыз болған нәрсе. Ескі Қазақстанның өзі «ескілер» және «Болашақтың элиталары» деп бөлініп жүргенде, олар (Болашақ түлектері) билікке таласып, өзін премьер-министр көре бастағанда ескі элита Байбекке де, Бишімбаевқа да қылмыстық істі артып қоймақ болған. Бишімбаев – ескі Қазақстанның тауары, ол Назарбаев өсірген бала. Бұл жеке мақсаттағы мәселе. Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған Мәсімов Ұлттық қауіпсіздікке жауап берген. Ал Қуандық Бишімбаев әйеліне көмектесіп, жедел жәрдем шақырудың орнына көріпкелге хабарласа бастаған. Бұл - жаман пиғылды адамдар», - дейді Әбілов.

Сонымен қатар, Болат Әбілов Бишімбаев пен Назарбаевтың байланысы туралы айтты.

«Бишімбаев – Назарбаевтың еркесі болған. Сенім артатын адамы болған. Ол Назарбаевтың көмекшісі болған. Назарбаевқа ұнап, Назарбаев оны дамыта бастады. Бірақ Бишімбаев ешбір қызметінде нәтиже көрсетпеген. Коррупциямен айналысып, «Болашақты» бірге бітірген адамдарын қызметке қойып, қалтасын томпайтып жүрген. Премьер-министр болғысы келген», - дейді Болат Әбілов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар