Сот Бишімбаев ісіне араласқан ресейлік мамандардың сараптамасына назар салып, ескеруден бас тартты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Сот Салтанат Нүкенованың қаза табуына қатысты іс бойынша жүргізілген ресейлік сарапшылардың жұмысын ескеруден бас тартты.
Бұған дейін мәскеулік сарапшылар Салтанат Нүкенованың өлімінің себебін анықтау үшін өз сараптамаларын жасаған болатын. Алайда сот сараптаманың көптеген бұзушылықтармен жасалғанын анықтады.
"Сарапшылар жасаған пайымдар, қорытындылардың дұрыстығы күмән тудырады", - деді судья Айжан Құлбаева.
Еске сала кетейік, экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралу үстінде. Судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталып жатыр.