Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың адвокаттарына тіл тигізген әр жанға жаза қолданылады

10:04, 25 сәуір 2024 562

Әлеуметтік желіде Бишімбаевтың қорғаушыларын күлкіге айналдырып жатқан жандарға жаза қолданылады, деп хабарлайды Alash.kz.

Заңгер Дайана Дүйсенбекова мұндай сындардың орынсыз екенін және кез келген адам қорғалуға лайық екенін айтты.

“Бұл – адвокаттардың жұмысы. Олар істі тастап, қорғаудан бас тарта алмайды ғой. Сынды олардың кәсібилігіне айтса жөн, ал қазіргі таңда бұл – конструктивті сын емес. Жеке мұрағаттарды ақтарып, олардың түр-келбетін, өмірлік ұстанымдарын сынау өте орынсыз. Желі қолданушыларына ескертетін нәрсе – бұл үшін жауапкершілік бар. 

Бишімбаевтардың адвокаттары да, қарапайым халық та әлеуметтік желіде қорлыққа ұшыраса, дәлірек адамның абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін жағдайға ұшыраған кезде қылмыстық кодекстің 131-бабы 1-тармағы “Қорлау” бойынша полицияға арыздана алады немесе азаматтық сотқа бірден жүгіне алады. Азаматтық кодекстің 951-бабы “Моральдық зиянды өтеу” бойынша моральдық өтемақыны сот арқылы өтеткізе алады”, – деді ол.

Сөзінше, мұндай әрекет үшін 100 АЕК (369 200 теңге) немесе 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады.

Заңгер халықтың ашық сот отырысына деген қызығушылығын, немқұрайлы қарамауына оң көзбен қарайды. Десе де сын немесе ауыр айып таққан кезде абай болу керек деп ескертті.

“Судьяға қатысты та алғашында түрлі пікірлер айтыла бастады. Алайда еш дәлел-дәйексіз ондай пікір айту да қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Қылмыстық кодекстің 411-бабы “Конституциялық соттың судьясына, судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу” бойынша іс қозғалуы мүмкін”, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар