Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бишімбаевтың қателігі - өз телефонының құпиясөзін айтқаны". Елге танымал прокурор тың сұхбат беріп, сыр бөлісті

15:42, 15 мамыр 2024 918

Салтанат Нүкенованы өлтіру туралы сот ісінен кейін қазақстандықтарға белгілі болған прокурор Айжан Аймағанова БАҚ-қа сұхбат берді. Сұхбат барысында өз өміріне қатысты маңызды деректерді тарқата айтып, сот процесіндегі негізгі кезеңдерді талдады. Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында жіберген қателігі жайлы пікір бірдіріп, еліміздегі құқықтық сауат жайын баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Tengrinews.kz редакциясына сілтеме көрсете отырып.

Айжан Аймағанова сұхбатта өзінің жеке өміріне, отбасына, балалық жағы мен ата-анасының берген тәрбиесіне тоқталды: 

Ата-анама мың тағзым. Оларға бар қиындықтарға қарамастан бізге жақсы тәрбие,  кейінгі өмірімізде пайдалы азық болатын құндылықтарды бере алғаны үшін ризамын, - деді ол.

Отбасылық жағдайы жайлы да сыр шертіп, жолдасының тарапынан үнемі қолдан көретінін, жылылық сезінетінін баса айтты:  

Ия, мен тұрмыстамын. Менің отбасым бар. Үш балам бар. Екі қызы бен ұл. Балалар әлі кішкентай, олар мұндай құбылыстарды түсінбейді. Жұбайым мені үнемі қолдайды. Олардың жанынан көп табыла алмасам да, демалыс күні олқылықтың орнын толтыруға тырысамын. Отбасымыздағы татулық пен береке бәрімізге байланысты. Біз оған аса жауапкершілікпен қараймыз, - деп сұхбат берді Айжан Аймағанова.

Сонымен қатар, прокуро өзінің өміріне сәуле түсірген Абайдың "Қара сөздері" екенін айтты:

Мен 16 жасымда мектеп бітірдім. Анам Абайдың "Қара сөздерін" сыйға тартты. "Айжан, саған қиын болған кезде, мұңайған кезде, мүмкін, іштарлықты құштарлыққа алмастыру  үшін Абайға жүгініп, Абайды оқы",- деді. 16-18 жасымда ол еңбекті түсіне қоймадым. Әрине, оқуын оқыдым. Бірақ бастапқыда терең таным, кең түсінік болған жоқ. Кейін барып "Қара сөздердің" қадірін ұғындым.Қазір мен бұл еңбекке ұдайы иек артып отырамын.

Кейіннен әңгіме Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іске ойысты. "Процестегі бетбұрыс қай сәт болды?" деген сауалға ол: 

Менің ойымша, Бишімбаевтың өз телефоны паролін берген кезі. Міне, бұл бейнелер сот отырысы барысында зерттелді. Бұл күтпеген бетбұрыс болды. Бұл айыптауды күшейтті, - деді ол. 

Сонымен қатар, Айдан соттағы Бишімбаевтың қателігіне тоқталып, жағдайды жан-жақты талдап берді:

- Оның өлімге әкелетін қателігі бізге телефон құпиясөзін айтқанында. Барлық  бейнелер анықталды. Ол әр минут сайын 27 кадр түсірген... Менің ойымша, сол сәтінде қатты мас болған. Тіпті, бұл бейнекадрларды түсіргенін ұмытып қалған сыңайлы,- деді прокурор.

Еске сала кетейік,әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты.

"2024 жылы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды", - деп хабарлады Жоғарғы сот.

Бишімбаев тағылған айып бойынша, экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Байжанов сот үкімімен ол 4 жылға сотталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар