Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Camry-80 Қазақстанға қашан келеді?

06:27, 25 қаңтар 2023 259

Қазақтың "ұлттық көлігі" Camry де нүктесіне келіп қалды-ау деймін. Бүгін Ұлттық арнаның АҚШ-тағы тілшісі Жалғас Сәдібекұлы автокөрмеден сюжет жасапты. 2023 жылы шығатын 8 буын, Camry -ді, бізше 80-ді көрсетті (деп ойлаймын). Өйткені әдетте 70, сосын біз 75 деп атайтынымыз рестайлингі болатын. Екеуі де шықты. Енді жаңасы 80 шығуы керек еді. Бірақ, әдетте жаңа буыны мүлдем басқа дизайнмен шығатын. Мысалы, 50-і 40-тан мүлдем бөлек.



Былтыр интернетте Camry -дің 8-ші буыны, бізше 80, алдағы жазда таныстырылады, 2024-те шығады, деп бір сурет тараған. О, деп қалғанбыз. Бір қияли дизайнердің салып жібергені болмаса, әдемі еді.



Ал бүгін Жәкең көрсеткен Camry -дің 75-тен айырмашылығы шамалы. Сыртқы дизайны, салоны аса өзгермеген. Двигатель, жүріс бөлігінде өзгеріс бар шығар. Егер бұл 80 болса, онда Тайота да келіп қалыпты, дедім.



Қазақтар Camry -ді мықтылығына бола жақсы көреді. Әйтпесе қазір ішкі жабдықталуы, мультимедиа т.б жағынан немістерді айтпағанда кәріс, тіпті қытайдан да қалып кетті. Camryқұмарлар біледі еуропалық деп Ресейде құрастырылған 70, 75-тің сол беріктігі де сыр бере бастады. Кәрістерден мотор жағынан мықты демесең, қалған жағы деңгейлес болып қалған. Енді 8-ші буын, бізше 80 дизайнымен бір жарқ етіп, сөніп бара жатқан махаббатты оятуы керек еді.



Тайота 50, 55-тен кейін бірден 70-ке секірген. Бірақ АҚШ нарығы үшін екі ортада бір түрін шығарды. Оны біздің халық 60 екен деп жүрді. Бірақ ресми 60 деп аталмады. Соған қарағанда АҚШ нарығына арналға рестайлинг болса керек. Жәкең көрсеткен түрі де сондай шығар деп ойлаймын. 80 яғни 8-ші буын дизайн жағынан түбегейлі өзгеруі керек еді деген үмітті үзбейміз.

Е.Азанбек

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар