Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов тағы да журналистерді келеке етті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы 0:1 есебімен жеңілген матчтан кейін баспасөз мәслихатында журналистің қазақ тілінде қойған сұрағына тосын жауап берді.
“Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба?” – деді Черчесов.
Бұл бірінші рет емес. Бірнеше ай бұрын Черчесов қазақша сұрақ қойған журналиске: «Саған осетинше жауап беруге бола ма?» деп жауап қайтарған. Кейінірек Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтың қазақ тілін үйрене бастағанын хабарлаған еді.
Сонымен қатар, бапкер бұған дейін ұлттық құрамада жұмыс істеген уақыты ішінде қазақстандық ойыншылардың тегін әлі күнге дейін жаттап алмағаны үшін сынға қалған.