Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Деңгейі мен білімі жетпесе де, креслоға отыратындарды түсінбеймін": Айдарбек Қожаназаров билікқұмар басшыларды қатаң сынға алды

15:01, 03 қараша 2024 1065

Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров журналист Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасына берген сұхбатында мансапқұмар басшылар жайлы өткір пікір білдіріп, сынға алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Менің бір түсінбейтінім, адам өзінің қолынан келмейтінін біле тұра, қалай сол лауазымды орынға барып, отырады. Мен осыған таңғаламын. Біріншіден, бұл - елдің алдындағы жауапкершілік. Екіншіден, сен мамансың. Өзіңнің деңгейін мен біліміңнің жетіспейтінін көріп тұрсың. Неге барасың ол лауазымға? Былғары креслоға отырып алсам дейсің, болды ма сонда? Мен сынаған сондай біраз министрлер болды. Мүлдем өздерінің қызметіне сай келмейтін. Сол креслоны неліктен ұстап алып, жібермей отырасыңдар? Сен лайықты емессің ғой. Білімің жетпейді ғой. Өзің көріп тұрсың ғой. Президентке, Үкімет басшысына барып "Жоқ, маған 2-3 жыл беріңізші, мен орынбасар ретінде жүре тұрамын. Сіздің сеніміңізді ақтауға әрқашан дайынмын. Бірақ сіздің тапсырмаларыңызды орындай алмаймын ба деп қатты қобалжимын" деп ашығын айтса, осындай ашықтықты кез келген басшы жоғары бағалайды. Бірақ, осындай батыл қадамға неге ешкім бармайтынын білмеймін", - деді Айдарбек Қожаназаров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?