Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Деңгейі - G4. Жерде қуатты магниттік толқын басталды

19:27, 29 маусым 2024 403

Ғалымдар ғаламшарымызың магнит өрісінде жүріп жатқан аса күшті толқынды тіркеді. Толқынның қуаты қазірдің өзінде жоғары деңгейге жеткен, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

 

Магниттік толқын туралы ресейлік қолданбалы геофизика институты, ғарыштық ауа райын бақылау орталығы хабарлады, - деп жазады ТАСС.

Жердің магнит өрісінің бұзылу дәрежесі қазір бес индикаторлы бақылау шкаласы бойынша «өте күшті» G4 деңгейіне жетті. G5 — «эстремалды күшті», ал G1 — «әлсіз».

Естеріңізде болса, бұған дейін мониторинг орталығы магнит толқынының қуат деңгейін «күшті» деп хабарлаған болатын.

Мамыр айының басында 2005 жылдан бері жер бетіндегі ең ұзақ және ең күшті магниттік толқын байқалды, ол 11 мамырға қараған түні G5-тің төтенше қуат деңгейіне жетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар