Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Денсаулықтың нашарлауы". Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан ауқымды ақша өндіріп алды

17:17, 26 қыркүйек 2024 1004

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Айтбек Амангелдінің талап-арызын ескерді. Нәтижесінде, Қуандық Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өндірілді, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы

Айтбек Амангелді Бишімбаевқа талап қойған. Талапта қайғылы жағдайдан кейінгі моральдық күйзеліс, денсаулықтың нашарлауы, еңбек қабілетін жоғалту сынды себептерін көрсеткен. Сонымен қатар, Айтбек Амангелдінің талап-арызында  қылмыстық іс барысындағы заңгерлік қызметтер ақысы да шығын ретінде көрсетілген.

«Жақын адамның қазасы талапкердің моральдық жағдайына кері әсер еткен, оның мүліктік емес құқықтарын бұзған. Әділдік принциптерін ескере отырып, сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қуандық Бишімбаевтан қылмыстық іс шығындары ретінде 6 877 672 теңге, ал моральдық шығын ретінде 10 млн теңге өтемақы өндірілді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар