Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Денис Никииша: Тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық

14:57, 18 наурыз 2024 356

Шорт-трекші Денис Никииша Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеп, күміс жүлдегер атанды. 

Спортшы өз нәтижесіне риза екенін айтты. 

«Қазір бастан кешіп жатқан сезімдерімді жеткізу мүмкін емес. Айтарға сөзім жоқ. Осы медальға қол жеткіздік-ау! Былтыр жүлде қолымнан сырғып кетіп еді. Бүгін бәрі ойдағыдай болды. Өз нәтижеме ризамын.

Күміс медаль менің жақсы өнер көрсеткенімнің айғағы. Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық. Ризамын.

Осы жолдағы ең қиын нәрсе – өз-өзіңмен күресу. Спортшылар менің не айтқым келетінін түсініп отыр. Нәтиже көңілден шығады. 

Маусым аяқталар тұста көңілім жайланып қалды. Жылдың соңғы халықаралық жарысы. Енді демалып, қайтадан қалыпқа келуге мүмкіндік бар. Миландағы Олимпиадаға екі жыл қалғанын ескеріп, әрі қарай еңбек ету керек», - деді Никиша Olympic.kz сайтына берген сұхбатында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар