You tube әлеуметтік желісінде журналист Жамбыл Зейнолланың жүргізуімен «Қасқа жол» бағдарламасының жаңа санына қонаққа келген кейіпкерлер елдегі су тасқынына байланысты эксклюзив пікірлерін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
«Шаңырақ» қозғалысының республикалық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Садырбаев пен ҚР парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров су тасқынына байланысты сұхбат беріп, өзара дебатқа түсті.
Сұхбат барысында, Алмасбек Садырбаев ашуланып, биліктің еш жұмыс істемей отырғандығын алға тартты.
Ерлан Саиров та «біз тек кабинетте отыратын адамдар емеспіз» деді.
Алмасбек Садырбаев: Бізде жүйе дұрыс емес. Жүйе дұрыс болуы үшін бізге кәсіби парламент қажет. Кәсіби парламентте білікті мамандар отыру керек. Көтерілген мәселелерді үкіметке көзін шұқып тұрып айтуы керек.«Ерлан, Мақсат, Аймағамбетов.." Қалған жүзі қайда?Сондықтан бұл жағдайдың барлығына тек атқарушы билікті кінәлауға болмайды. Парламенттің де кінәсі бар. Билік болғаннан кейін барлығының кінәсі бар.
Ерлан: «Мына кісі қызық... Бұл жерде менің де, сенің де кінәң бар. Біз де ел секілді зарлап жүрміз.
Алмасбек Садырбаев: Қолдарыңда статустарың бар, сонымен сіздер билікке талап етулеріңіз керек. Аргументтеріңіз жоқ болса, сіздерді үкімет елемейді.
Ерлан Саиров: Сен өзіңді бізден бөлме. Барлығымыз Қазақстанның азаматымыз.
Алмасбек Садырбаев: Ереке, сен заң қабылдаушы биліксің... Мен ғой ол зарлап жүрген. Билік те жоқ, түк те жоқ...
Сендер талап ете алмайсыңдар, талап етулеріңізге сауаттарыңыз жетпейді. Сол парламентте отырған он жігіттен басқасының сауаты жетпейді. Мақсат Толықбай, Ерлан Саиров, Аймағамбетов, Бақытжан Базарбек, Болатбек Нәжімеден сынды өкілдерден басқа отырғандардың еш пайдасы жоқ. Кәсіби парламент болмай, бұл елде ештеңе де түзелмейді»,-деді Алмасбек Садырбаев.