Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат Ермұрат Бәпи сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайын әлдекімдер "әдейі шулатып" жатқанын айтты

15:09, 04 қыркүйек 2024 812

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мерзімді сарбаз Ербаян Мұхтардың басына түскен жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 

"Мен де әскерге барған адаммын. Қарулы күштеріміз өз сарбаздарын жарақаттауды көздемейді. Қоғам болғасын бәрі болады. Генерал мен офицерлер жауапкершіліктен қаша алмайды. Ата-аналар Отан алдындағы борышын өтеу үшін өз балаларын сау күйінде әскерге жіберген. Олардың талап етуі орынды. Қандай қоғам болсақ, армиямыз да соған сай", - деді депутат. 

Cонымен қатар, журналистер депутаттан қарапайым адамдардың Ербаянның емі үшін неге дәрі-дәрмек пен жөргекке ақша жинағанын, ал министрліктердің бұл жауапкершілікті неге бір-біріне "сілтеумен болғанын" сұрады. 

Бапи бұл жағдайдың төңірегінде тараған ақпараттардың қасақана "әсіреленгенін" айтты. Ол: 

Ақпаратты әсірелеп жібергенсіңдер. Памперспен қамтамасыз ету мәселе ме? Дүкенде памперстер сатылады. Мен жігіттің қиын жағдайға тап болғанына келісемін. Меніңше, бұл жігітке армия мен медиция қызметкерлері жауығып отыр. Памперс  проблема емес, жалпы біздің қоғамда памперс тақырыбы көтеріле бере ме? - деп жауап берді. 

Еске сала кетейік, сарбаз Арабаян Мұхтар Ұлттық ұланда алты ай қызмет еткеннен кейін комаға түсті. Оның ауыр жарақат алғаны қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар