Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Олигархтар Қазақстан бюджетінің тоз-тозын шығарды» – Ерлан Саиров

04:45, 02 ақпан 2024 286
Мәжілісте «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров отандық спорттан олигархтарды шеттету мәселесін көтерді.

Оның пайымдауынша, спорттық шаралардан олигархтардың шабармандарын шеттеткен жөн.

Депутат Туризм және спорт министрінен олигархтарға қарсы күш-жігері бар-жоғын сұрады.
«Спорт процесінен олигархтардың барлық қолхатшыларын алып тастау керек. Құлыбаев бар, оның айналасындағы жүргендердің барлығы елдің спортына зиянын тигізіп жүр. Құзырлы министрліктің спорттағы олигархтарды қуып жіберетін күш-жігері бола ма? Олигархтар мен оның туыстары, достары әртүрлі федерацияларды ашып, Қазақстан бюджетінің қаржысының тоз-тозын шығарды», – деді Саиров.

Мәжіліс депутаты отандық спортқа бюджеттен өте көп қаражат бөлініп отырғанын, алайда, біздің спортшылар көрші өзбек пен қырғыздардан қалып қоятынын ашық айтты.
«Қазақстан спортқа 1 млрд доллар бөледі. Орталық Азиядағы басқа көршілеріміз ондай соманы түсінде де көрмеген. Бірақ олардың рейтингі жоғары. Осы қаржыны басқалар талан-таражға салып жатыр. Қазақстанның олимпиадалық спортына бюджеттен ашы бөлу керек. Ұлттық спортты дамытуға қаржы бөлу керек. Басқа федерациялар бюджеттен тыс істей берсін. Бірақ біздің мемлекетіміздің қаржысы жоғарғы жетістікке жететін олипиадалық спортты дамытуға кетуі керек», – деді ол.

Фото: parlam.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар