Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутаттардың әскердегі өлімді тоқтату үшін заң жобасын әзірлейтіні айтылды

10:44, 04 қазан 2024 338

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская AMANAT партиясы ұйымдастырған мәслихат депутаттарының форумында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және әскерге шақыруды ұйымдастыру жөніндегі заң жобасы туралы айтып берді. Осылайша депутаттар Қарулы Күштердегі қайғылы оқиғаларды тоқтатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы "Қазақпарат" порталына сілтеп. 

Өз сөзінде депутат әскери қызметшілермен болған қайғылы оқиғаларға тұтас қоғам алаңдаулы екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай оқиғалардың көптеген себебі бар және оны шешуге әсіресе заңнамалық деңгейде көптеген ұсыныстар бар.

«Парламент қабырғасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша заң жобасымен жұмыс жүргізілуде. Әскерге шақыруды ұйымдастырудағы өзгерістер талқыланып жатыр. AMANAT партиясының Әйелдер қанаты Мәжіліс депутаттарының қатысуымен психологиялық қызметтердің, оның ішінде әскердегі қызметтер туралы заң жобасын әзірлеп жатыр», - деп түсіндірді ол.

Ю.Кучинская барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына осындай өзгерістерді талқылау жөніндегі жұмысқа қосылуды ұсынды.

Оның айтуынша, қоғаммен сындарлы, сенімді диалог қана оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар