Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Діни қызмет туралы» заңды бұзған: Нұртас Адамбай сотқа тартылуда

22:16, 31 шілде 2024 555

Белгілі актер, продюсер, әрі шоумен Нұртас Адамбай «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды бұзғаны үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Alash.KZ kursiv-ке сілтеме жасап.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, істі Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап жатыр.

Нұртас Адамбайға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағы бойынша, яғни «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын» бұзғаны үшін айыпталуда.

Бұл бап ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын талаптарды бұзуға қатысты. 

Мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл төлеу жазасы тағайындалады.

Айта кетейік, сот процессі әлі де жалғасып жатыр. Бастапқы да процесс қазақ тілінде жүргізілген. Кейіннен Нұртас Адамбайдың өтінішіне сәйкес, орыс тілінде жүргізу туралы қаулы шыққан. Сот процессі 1 тамызда жалғасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар