Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дірілдеп, қиналып жылады: Павлодарда екі мектеп оқушысын зорлаған айуан ұсталды. Ол кім?

19:16, 13 тамыз 2024 423

Павлодар облысы полиция департаменті 2 кәмелетке толмаған қыздарды зорлаған адамды ұстады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сатына сілтеме жасап.

"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауға алынды", - деді ол.

Бұған дейін Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева өзінің Instagram-парақшасында зардап шеккендермен кездесіп, сөйлескенін айтқан. Жасөспірімдер 15 және 17 жаста.

"Олардың ешқайсының зорлық-зомбылықты біреуге айтуға, бөлісуге батылы жетпеді. Тіпті, қыздардың бірі бірнеше күн отыра алмағанын мойындады. Мен қолын ұстағанда дірілдеп, көз жасын төгіп, қиналып жылады. Мен оған бұл жағдайда оның кінәлі емес екенін түсіндіруге тырыстым, –  деп жазды Сәуле Шәкенева. 

Ол көбінесе ондай қадамға жақын ортадағы адамдар – әкелер, өгей әкелер, басқа туыстар, бірге тұратындар, көршілер, отбасылық достар баратынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар