Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Досаев 90 миллионға шетелден блогерлер шақырмақ

13:15, 01 наурыз 2024 450

Алматы қаласының әкімдігі қаланы жарнамалау үшін 90 миллион теңгеге шетелдік блогерлерді шақырды.Өтінімдерді қабылдау 2 наурызда аяқталады. 

Factcheck.kz мәліметінше,былтыр Алматы әкімдігі қаланың пиары үшін блогерлерге 60 миллион теңге бөлсе, биыл 90 миллион теңге жұмсамақ. Сөйтіп, былтыр Алматыға 30 шетелдік блогер келсе, биыл 50 блогерді тарту жоспарланыпты.

Баспасөз туры әрқайсысы төрт-бес күннен тұратын төрт кезеңге бөлінеді. Әкімдіктің идеясына сәйкес, блогерлер Алматыны төрт мезгілде: наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсанның бірінші онкүндігінде келіп көреді.

Олардың әрқайсы жол шығыны,орталықтағы 4 немесе 5 жұлдызды қонақүйге орналастыру, жеке көлікпен, күніне үш мезгіл тамақпен, аудармашымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар контент түсіру үшін кәсіби фотографтар мен мобилографтар тағайындалады. Сондай-ақ, олар естелік сыйлықтарды табыстап, бір адамға 1000 АҚШ доллары көлемінде жарна төлейді (бұрын жарна жарияланған жоқ).

Олардың жазылушылар саны мен аудиторияны қамту көлеміне қойылатын талаптар былтырғыдан өзгеріссіз қалған. Шақырылған блогерлердің тізімі жарияланған жоқ, себебі ол тапсырыс берушімен келісіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар