Каратэден тұңғыш әлем чемпионы атанған қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай Каирде өткен Karate 1-Premier League сериясының үшінші кезеңінде алтын медаль еншіледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
ZTB.kz-тің хабарлауынша, спортшы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Жаңбырбай хорватиялық Эмма Сгарделлимен кездесіп, жекпе-жектің соңғы секундтарында шешуші ұпай жинап, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай – Каратэ-до бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы (2013, 2017, 2018), әлем чемпионы, 2022 жылғы Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының финалисі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.