Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қылқындырып, кеудесіне қысым жасаған: Жасөспірімдер оқушы қызды есінен тандырды (ВИДЕО)

14:40, 21 сәуір 2025 211

Ақтау қаласындағы №33 мектепте оқушы қыз есінен танып қалған оқиға тіркелді — оған екі жасөспірім қыз себеп болған, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан екі оқушы қыздың жетінші сынып оқушысына шапалақ беріп, кейін оны қылқындырып, кеудесіне қысым жасағаны анық көрінеді.

Соның салдарынан қыз есінен танып, жерге құлаған.

Оқиға 8 сәуір күні болған. Жәбірленуші — жетінші сынып оқушысы.

Білім басқармасының мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар жөніндегі ақпарат кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жолданған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы қайтыс болды

13:37, 21 сәуір 2025 181