Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дүниесі жоқ еркектің алдында әйелдің не діні де, тәжісі де қалмайды - Психолог

14:33, 20 тамыз 2024 842

Әлеуметтік желіде танымал психолог діндар адам туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Психолог Динара Арыстанның айтуынша, тұрмысы төмен адам қанша дінді ұстанған азамат болса да, оның алдында сенің еш қадірің жоқ деген пікірімен бөлісті.

Коучтың бұл пікірі әлеуметтік желіде оқырмандар арасында үлкен дау туғызды.

«Дүниесі жоқ еркектің алдында әйелдің не діні де, тәжісі де қалмайды. Мен 15 жыл бойы діні бар бірақ дүниесі жоқ еркекпен тұрдым.  Ол сондай білімді еді. Физикалық тұрғыдан, моральдық тұрғыдан еш қолдау да, қорғау да көрсетпеді. Ол мені туыстарынан да, көшедегі бейтаныс адамдардан да қорғай алмады. Дүниесі жоқ еркектің алдында әйелдің діні ешқашан болмайды», - деді Динара Арыстан.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар