Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дұрыс қалыпқа келмедім: Абиба Әбужақынова жеңілісінің себебін түсіндірді

12:55, 05 тамыз 2024 438
 
Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған қазақ дзюдошысы Абиба Әбужақынова елге оралды деп хабарлайды Alash.KZ.
спортшы Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспарымен былай бөлісті. 

"Бұл Олимпиадаға толық дайын едім негізі, себебі барлық жарыстан жүлде алып келген спортшы едім. Барлық Қазақстан сенді, бірақ медальге бір қадам қалғанда жеңіліп қалдым. Бұйырмады, келесі Олимпиадада да күрессін, тастамасын деп тұрған сияқты. Тағы да күресемін. Үшінші орынға белдескен қыздан бір жеңіліп, бір жеңгенмін. Сондай бір ыңғайсыз қарсылас болды. Кездесудің ортасында тіземді ауыртып алдым. Барлық қарсылас бірдей, дұрыс қалыпқа келмедім. Бірақ көп тәжірибе жинадым. Қазақ халқының қолдауын әлі күнге дейін сезініп келемін. Қанша жерге шақырып жатыр, бәріне көп рақмет!" - деді Әбиба Абужақынова. 

Еске салайық, Абиба Әбужақынова 48 килоға дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмаған еді. Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде швед қызы Тара Бабулфазға жол берді.

Татамиде өткен тартысты белдесуде қарсыласы басымдық танытып кетті. Одан бөлек қазақстандық спортшы аяғын ауыртып алғаны байқалды. Осылайша Абиба 5-орыннан көрінді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар