Астана маңында өртенген үйде тек Құран кітабы аман қалған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы “Айтарым көп” инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
20 қарашада Астанаға жақын орналасқан Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында екі қабатты үй өртеніп, барлық мүлік күлге айналған.
Оқиға кезінде үй иелері қонақта, ал немерелері сабақта болған. Үй иелерінің айтуынша, өрттен тек Құран кітабы ғана зардап шекпеген.