Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екібастұздағы төтенше жағдайды журналистер әсірелеп жіберді ме?

07:35, 15 желтоқсан 2022 285
 


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан министрге журналист «Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда болған төтенше жағдайға қатысты ақпарат тарату барысында журналистер бұл мәселені әсірелеп жібергенін айтты. Қаладағы барлық үй жылудан ажыратылмапты. Сіздің ойыңызша, жағдай осылай болды ма? Осы оқиғаға қатысты пікір білдірсеңіз» деп сұрады.

Юрий Ильин өзінен жоғары тұрған басшының жұмысына баға бере алмайтынын атап өтті.

«Мен жоғары тұрған басшыны, бірінші вице-премьерді, оның қызметін бағалай алмаймын. Ондай құқығым жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ ТЖМ-нің жұмысына қатысты ойын айтты.
 

Қазақстанда болған кез келген төтенше жағдай, тіпті елеусіз болса да оны сіздердің (журналистер) жариялауға құқықтарыңыз бар. Біздің министрлік тиісті жұмыстарды жүргізді. Мемлекет басшысы бұл жағдайды сынады. Оның пікірімен толық келісемін. Дамудың шегі жоқ. Біз одан қорытынды шығаруымыз керек. Бұл – болашақта өзара іс-қимыл мәселелерін жедел шешу, яғни төтенше жағдайдың салдарын жою ұзақ уақыт алмау мақсатындағы біздің бөлімшелеріміз бен аралас ведомтволардың іс-қимыл алгоритмі, - деді Юрий Ильин.

 

Ол министрліктің еліміздегі кез келген ТЖ-ға жауапты екенін де еске салды.

«Біз кез келген төтенше жағдайды қарастырамыз. Мысалы, бір үй жылусыз қалсын немесе құбыр жарылсын, бұл ТЖ ғой. Мұндай жағдайда біз әрекет етуге міндеттіміз немесе төтенше жағдайдың салдарын қысқа мерзімде жоюымыз керек», - деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар