Майқайыңда шахта жұтып қойған төрт адамның соңғысының мәйітін іздеуге қатысқандар автобусты "екіге бөлуге" мәжбүр болғанын айтты деп хабарлайды Alash.KZ.
"24 шілдеде мамандар автобустың шетін тауып, оны ақырындап қазуға кірісті. 25 шілде күні таңертең іздеу жұмыстары жалғасып, олар автобусты қазып, қираған жерден алды, алайда оны шығару мүмкін болмады. Себебі автобустың іші топыраққа толған және жүргізушісі бар еді. Сосын құтқарушылар автобусты екі күн дегенде екіге бөлді. Автобусты кескеннен кейін олар марқұмның аяғын көріп, денені толықтай сыртқа шығарып алды", – деді “Майқайың-алтын” АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаев.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, “Майқайың-алтын” АҚ бас директорының айтуынша, 55 жастағы автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің денесі 25 шілде күні сағат 16:06-да табылып, бір сағаттан кейін жер бетіне шығарылды.
"Іздеу жүріп жатқанымен, аса қауіпті болды. Топырақ екі рет опырылды, кішкене күтіп, қайта жұмысқа кірістік. Үшінші шахта құтқарушысының денесін кратердің түбінен шамамен 12 метр тереңдіктен табылды. Ал автобус одан 6-7 метр тереңдікте болған. Ал қалған құтқарушылар автобус құлап бара жатқан кезде секірген болуы мүмкін", – деді Жүрсінбаев.
Алты ай бойы жер астында жатқан мәйіт сараптама жасау үшін тергеу тобына тапсырылды.
Ресми мәлімет бойынша, төтенше жағдай орнында іздеу-құтқару тәулік бойы жүргізілді. Түрлі мамандар мен сарапшылар, тау-кен ардагерлері, кинологтар, арнайы техникалар мен дрондар жұмылдырылып, облыстағы барлық төтенше жағдайлар қызметінің күші жұмылдырылды. Түрлі қызметтің 200-ден астам қызметкері төтенше жағдай орнында болды.