Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Экс мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапанов не үшін ұсталды?

09:42, 07 наурыз 2024 386

Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше Қожағапанов сыбайлас жемқорлықпен айналысқан деген күдікке ілінді.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар нәтижесі бойынша мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесінде әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавлда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру жөнінде шарт жасасуды қолдады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі.

Арман Тілеукеновтың айтуы бойынша  форумды өткізуге арналған смета екі есеге ұлғайған, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалып кетуіне әкелген.

«Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп толықтырды Антикордың ресми өкілі.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар