Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ ХАМАС пен Израильді келісімге келуге шақырды

09:46, 04 наурыз 2024 356

«Газа секторында соғыстан келген зардаптың көлемін ескере отырып, дереу атысты тоқтатуға шақырамын. ХАМАС мәмілеге келуі керек. Атысты тоқтатайық. Газада адамдар ашығып жатыр. Адам баласы шыдайтын жағдайда емес. Адамгершілікке салып, әрекет етейік. Израиль үкіметі көмек ағынын едәуір арттыру үшін барлық қолынан келгенін жасауы керек. Ешқандай сылтау қабылданбайды», - деді ол Алабама штатындағы жиында.

Жексенбі күні ХАМАС делегациясы атысты тоқтату туралы келіссөздердің соңғы раундына қатысу үшін Каирге келген болатын. Бірақ қандай нәтиже шыққаны белгісіз. Израильдік «Yedioth Ahronoth» онлайн басылымының жазуынша, ХАМАС кепілге алынған адамдардың есімі жазылған толық тізімді ұсыну талабын мойындамағаннан кейін, Израиль келіссөздерге бойкот жариялады деп хабарлады.

Келіссөздер туралы бір дереккөз сенбіде ХАМАС алдымен кепілге алынғандардың толық тізімін ұсынбаса, Израиль Каирден іргесін аулақ салады деп мәлімдеді. Палестина дереккөзі Reuters агенттігіне ХАМАС бұл талапты әзірге қабылдамағанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар