Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ел аумағында қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды – ҰҚК

13:07, 23 қыркүйек 2024 198

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекет басшысының қылмыс пен деструктивті әрекетке қарсы күресте қатаң шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Alash.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2024 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.

Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Оларға тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдік келтіріліп отыр.

20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд. теңгеден аса мүлік тонаған.

Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдері бөлінген, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар