Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Елде соңғы 10-жылда қара жамылған, өз қазағының киімінен безген, ұлтынан безген қатындар қаптады" - Айгүл Елшібаева

10:43, 31 тамыз 2024 1219
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева "қара жамылған" қыздарды сынға алды. Танымал кәсіби халық әншісі  Атырауға, Ақтөбеге, Жезқазғанға барғанында қара киім киген қыз-келіншектерді базарда, көшеде көп  жүретінін айтып, қауіпті құбылысқа балады, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.
 
10-жылда не өзгерді?
10-жылда қара жамылған, өз қазағының ұлтының киімінен безген, ұлтынан безген қатындар қаптады.
 
Атырауға, Ақтөбеге, Жезқазғанға барсаң қара киім киген қыз-келіншектерді базарда, көшеде қап-қара киініп жүргенін көзіміз көріп жүр. Бәрі шетінен сауданың қызған жерінде жүреді. Яғни, сауданы басқарып отырғандардың арасында, осыларға жұмыс беруші әкімшілікте де идеологиясын қолдайтын уахап-салап бар деген сөз.
 
Жезқазғанның Жаңарқасының базарын да уахаптар жайлап, сауда жүргізбеді деп, базардағы жеке сатушыдан өз құлағыммен естігенмін. Қара жамылған қатындар неге азаймайды, себебі қазақы орамалдан көрі, сауда орталықтарында ортасы қиғаш тюрбан сияқты, желегі омырауына жетпеген, көйлектің ішіне тығып жіберетін скафандр хиджаптар сатады. Біздің кимешек хиджап емес химарға келеді. Химардың төбесінде қазақтікіндей қарқарасы жоқ, тазкепеш болып келеді.
 
Біздің ұлттық мәдениетімізді, қазақтың ұлттық киім индустриясын дамыту үшін, қазақы ұзын көйлек, бешпет, қамзол , орамал, кимешек киімдерін Маңғыстаудағы тігін шеберлерінің киімдерін қазақстанның барлық дүкен орталықтарында сатуға ат салысу қажет.
Сонымен қатар, әнші  "қара жамылған хиджап киім дүкендерін" Қазақстанда жабуды ұсынды.
 
Қара жамылған хиджап киім дүкендерін Қазақстанда жабу керек. Бұл дүкендерде уахап-салаптардың саудасы қызып, киім арқылы уахап-салаптардың идеологиясы насихаттала бермек. Дүкендерін жаппаса бұлар қара жамылған кимесең , мұсылман емессің, хиджап Алланың бұйрығы деп иманы әлсіздерге ақша беріп кигізіп, насихаттауда деп оқыдық.
 
Қазақ 14-ғасыр, ислам дінін қара жамылмай ақ, көйлек-бешпет-жаулығымен мұсылман ел болды. Иман жүректе болмағасын, талай қатындар, нерабочий сақал сияқты хиджап киіп білгенін істегенін істеп интимдік сабақ үйретіп, инстаграмда ақылы сабағын сатқанын айттық.
 
Ақтөбеге барып қара жамылған қазақ келіншек, жігіттерін көріп, сақалы бар мұрты жоқ, діні бар да-ұлты жоқ-, деген көкейіме, Мәшхүр әулиенің сөзі келді. Алла құранда адамды ұлт пен ұлысқа бөлдік деген аят бар. Киімнен де ұлт пен ұлысты айырасың. Арабша киінген біреуге, мынау қазақ десең, есің сау ма-?дейді ғой.
Құмды ыстық сахара мен сақырлаған сары аязы бар елдің киімі де екі бөлек болып келетінін ұмытпағайсың. Қазақ болсаң өз мәдениетіңді сақта, ұлттық киіміңді ки, - деп түйіндеді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар