Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еліміздегі 16 санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды

19:27, 13 сәуір 2024 512

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтқада, еліміздің санаторийлік-курорттық ұйымдары су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайтын болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлт порталы. 

Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қатысуымен көмек шеңберінде зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды. Оның 12-сі Түркістан облысында орналасқан.

Сондай-ақ, зардап шеккендерді қабылдауға дайындық туралы Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облыстарының Алға кентіндегі санаторийлер мәлімдеді.

Жалпы алғанда, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін болады, бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдарға санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін ұсыну қажеттігі туралы хабарлады.

Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту көрсетіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар