Астана қаласының мемлекеттік мектептерінде “Біртұтас тәрбие” атты жаңа бағдарлама жандануда. Аталған бағдарлама жыл соңына дейін, аптаның алғашқы күнінде әрбір мектепте білім алушылардың құндылық бағдарын кеңейтуге, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды ажырата білуге үндейді. “Тәрбие сағаты” сынды “Құндылық сағаты” сабағы оқушылардың таным көкжиегі мен саналарына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге жаңа серпін берері анық.
Сабақта оқушылар мемлекеттік әнұранды орындап, ұлттық тәрбие бойынша ашық сабақтарға қатысады.
Сонымен қоса, Жоғары сынып оқушыларына буллинг, кибербуллингті алдын алу сабақтары қоса өткізіліп, 1-11 сыныптарға қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Әрі халықтың тарихы, мәдениеті, дәстүрлері, тілі және рухани мұрасы сияқты құндылықтарға ерекше назар аударып, оларды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсаты айтылады. Ұлттық құндылықтарды бағалау қоғамның бірлігін күшейтіп, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және ұлттық мақтаныш сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды, атап айтқанда халықтың салт-дәстүрлері, ұлттық спорт түрлері, өнер, тіл және тарихи мұралары туралы кең көлемде ақпараттандыру жаһандану кезеңінде де ұлттық бірегейлік беріктігіне көмектеседі.
Айта кетейік, бүгін 16 қыркүйек күні Астана қаласындағы Сырбай Мауленов атындағы 37-мектеп гимназиясында “Ұлттық құндылықтар” аймағы ашылды. Ашылу барысында оқушылар белсене қатысып, құндылық, сенімдері туралы ойларымен бөлісті.
Елорда мектептерінде ұлттық құндылықтарымыз насихатталуда
Көбірек оқу
08:38, 17 қыркүйек 2024 0
Биыл 135 мың қазақстандық шетелге жұмысқа кеткен, 57 этникалық қазақ елге келген
15:38, 20 қыркүйек 2024 73
"60 млн теңге желге ұшқан": Семейдегі аспалы көпірдің үш айға жетпей тозығы шықты
15:25, 20 қыркүйек 2024 81
Солтүстік Қазақстанда үй тапсырмасын орындамаған оқушыны анасы пышақтап тастады
14:59, 20 қыркүйек 2024 122