Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елтаңбаны білмейтін ұрпақ өсіп келеді - блогер

10:44, 30 қаңтар 2024 259

Осылай деген белгілі блогер Сәбит Рысбаев "Мемлекеттік рәміздерді білу патриоттық сезімдерді дамытудың алғышарты" дейді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында "Әрбір отандасымыз бұларды білу керек. Біз солай өстік. Әрбір ата-ана да балаларына үйрету керек. Қазіргі балаларға қарасам осы жағынан әлсіз екені көрініп тұрады. Елтаңбаның ішіндегі дүние түгілі елтаңбаны білмейтін ұрпақ өсіп келеді1 - деп жазады.




Блогер "Өткенде жастар осы мәселе жөнінде көшеде сұрақ жауап жасаған еді. Біраз жұрт білмей қалды. Содан ойландым. Елтаңба көпшілік алдында талқыланып, оның элменттерін әрбір адам меңгеруі қажет. Ол жақта да деталь көп әрине. Оның бәрін жаттау да қиын шығар. Десе де ниеттенсе түк емес. Мемлекеттік рәміздеріміз онша көп емес қой" дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар