Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Елтаңбаны жастар санасына, түсінігіне жақындату керек»

09:08, 19 ақпан 2024 327
Кез келген мемлекет үшін мемлекеттік рәміздерден қадірлі, бағалы ештеңе жоқ. Көк байрағымыздың көкте желбірегенінен, әнұранымыздың әуелете шырқалғанынан жанымызға қуат аламыз, жүрегіміз шуаққа бөленеді. Қаншама додаларда өрендеріміз көк байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды әлем халқына тыңдатты. Сондай қуанышты, әсерлі сәттер алдағы уақытта да көп болсын!

Әлемдік сайыстарда ғана емес, ел ішіндегі ірілі-ұсақты жарыстарды әнұранмен бастап, көк туымызды желбірету қашаннан әдемі дәстүрге айналған. Содан болар, әнұранды жатқа білмейтін, көк байрақты алыстан танымайтын адам аз. Ал енді мемлекеттік елтаңбаға байланысты мәселе күрделілеу. Қазақстан азаматтары елтаңбаның бар екенін, оның қандай маңызға ие екенін біледі. Жастар да мектеп қабырғасынан бастап елтаңбаның тарихын танып, авторлардың негізгі ойын түсініп өсті деп ойлаймын. Бірақ, көпшілігі елтаңбада не белгіленген, ондағы символдар қандай мағынаны білдіреді десе жауап беруге қиналады. Неге? Себебі, жастар елтаңбаға зер салып қарамайды. Әйтпесе қай мекемеге барсаңыз да мемлекеттік рәміздер көрнекі жерде тұрған жоқ па?

Әрине, қазіргі жастар еркін, өз пікірі, ұстанымы бар. Өзгеше ойлайтын жастарды бағалаймыз, өйткені таптаурын жолмен жүргісі келмейтін, жаңашылдыққа әуес жастар қоғамды өзгертеді. Біз осындай креативті жастарға сенеміз, олардың идеясын қолдауға әзірміз. Осы тұрғыдан алғанда жастардың елтаңбаны өзегртсек, оны Әділетті Қазақстанның болмыс-бітіміне, болашақ жоспарларына сай жасасақ деген ойлары құптауға тұрарлық.

Әнұранды да кезінде өзгерттік. Оның жақсы жағын көрмесек, олқылығын байқамадық. Қайта қазіргі әнұран балабақшадағы бүлдіршіндердің де айтуына, қабылдауына жеңіл. Елтаңбаны да сол жастардың санасына, түсінігіне жақындату керек. Болашақ жастардыкі. Сондықтан, жастардың пікірі, ұсынысы – басты бағдар болуға тиіс.

Асқар Лесхан,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

философия ғылымының кандидаты

Фото: Faculty of Philosophy and Political Science
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар