Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елу жасына той жасап, қонақтарға пәтер сыйлаған кәсіпкердің тойында өнер жұлдыздарынан кімдер барды?

09:58, 27 мамыр 2024 947

Алматыда белгілі кәсіпкер Мақсат 50 жасқа толғанына орай дүркіретіп той жасады. Тойда біршама өнер адамдары бой көрсетті, - деп хабарлайды Alash.kz.

Той туралы ең алдымен Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

"Мақсат ініміздің 50 жас мерей тойының басталуы да, аяқталуы да ерекше керемет өтті. Тойдың басында анасына ән арнатып, ортаға алып шығып, артынан би билеп ашты. Бизнесмен ініміз өзі салып жатқан пәтерден Астана қаласынан үй, көліктен бастап түрлі ұтыстар қонақтарына арнады. Осындай той барша қазағыма бұйырсын дегендер жүрекшеден баса кетіңіздер!" - деп жазған ол.

Той италяндық стильде өткен. Кеште лоторея билетін таратқан той иесі бас жүлде ретінде Астанадан пәтер ұсынған. Баспанадан басқа билет үшін жүлде ретінде Samsung телефондары, 10 Iphone, Дyбай және Италияға жолдама, көлік бар деп жазды Massaget.kz

Кәсіпкердің қуанышын бөлісуге Қайрат Нұртастың отбасынан басқа, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев келген. Туған күнін осыншалық дүркіретіп өткізген Мақсат кім? 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?