Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді орыс тілін білмейтін балалар мектепке қабылданбайды

20:02, 12 қараша 2024 584

Мемлекеттік Думаға мигранттардың балаларын орыс тілін білмейінше мектептерге қабылдауға тыйым салу туралы заң жобасы енгізіледі, деп мәлімдеді Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Вячеслав Володин, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Мигранттардың балаларын мектептерге қабылдау кезінде олардың Ресей аумағында заңды түрде жүргенін тексеруді, орыс тілін білу бойынша тестілеуден міндетті түрде өтуді, сондай-ақ орыс тілін білуді растамайынша жалпы білім беру ұйымдарына қабылдауға тыйым салуды ұсынамыз. Осыған байланысты тиісті тақырып бойынша заң жобасы енгізіледі», — деді Володин.

Ол тиісті мемлекеттік Дума қаулысын депутаттар 20 қарашадағы пленарлық отырыста қарауды жоспарлап отырғанын, содан кейін еңбек миграциясы бойынша үкіметке ұсыныстар жіберетіндерін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар