Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ЕО елдері Украинаға қаржылай көмек көрсетпек

03:35, 02 ақпан 2024 369
Еуропалық Одақтың барлық 27 елі Украинаға ЕО бюджетінен 50 миллиард еуро көлемінде қосымша қолдау көрсетпек, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Брюссельде өтіп жатқан саммиттің төрағасы Шарль Мишель мәлімдеді.
«Біз келістік! Бұл Украинаға сенімді, ұзақ мерзімді және болжамды қаржыландыруды қамтамасыз етеді» - деп жазды X әлеуметтік желісінде Еуропалық Кеңестің басшысы Мишель.

Украина президенті Владимир Зеленский Шарль Мишельге және ЕО-ның 27 Көшбасшысына алғыс айтты.

Осы уақытқа дейін Будапешт Киевке уәде етілген ақшаны аударуға кедергі келтірді. Премьер-министр Виктор Орбан төрт жылдық «Көмек «бағдарламасы жыл сайын қайта қаралуын талап етті. ЕО басшылары Украинаға қаражат бөлу туралы үнемі пікірталас өткізуге келісті. Қажет болған жағдайда Еуро Кеңесі екі жылдан кейін қаржыландыруды қайта қарау туралы ұсыныспен Еурокомиссияға жүгінуге құқылы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар