Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ердоған мен Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жүйесін жасамақ

12:26, 20 наурыз 2024 378

Вашингтон мен Анкара АҚШ-тың Мәскеуге қойған шектеулерін айналып өтті деген күдікпен жергілікті компанияларға санкция салмас бұрын Түркияны алдымен хабардар ететіні туралы келісті, деп жазады Hürriyet басылымы.  

"Жақында талқыланған және келісілген тақырыптардың бірі Түркия үшін өте маңызды. Ресеймен жұмыс істеген немесе жасаған компанияларға Түркиядан тергеуді сұрамай-ақ, АҚШ бірден санкция салды.

Енді екі ел жаңа жүйе туралы келісті: «Санкцияларды үйлестіру схемасы» деп аталатын құжатқа сәйкес, АҚШ алдымен Түркияны ықтимал компаниялар туралы хабардар етеді және осы мәселе бойынша ақпарат сұрайды», - делінген хабарламада.

Газеттің хабарлауынша, Түркия тергеу жүргізіп, нәтижесін мәлімдесе, қажетті шаралар қабылданады.

Анкара Мәскеуге қарсы біржақты санкцияларға қосылмайтынын, оларды айналып өтуге жол бермейтінін бірнеше рет мәлімдеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар