Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еркекті төбесіне көтеретін қоғам - мешеу қоғам". Бишімбаев ісіне Баян Алагөзова пікір білдірді

19:45, 11 мамыр 2024 1440

Танымал продюсер Баян Алагөзова мен Тимур Балымбетов отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, Бишімбаев ісінің қоғамға, қоғамдық санаға қалай әсер еткені жайлы талқылады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы AIRAN YouTube арнасына сілтеме көрсете отырып. 

Баян Алагөзова берген сұхбатында қазақстандық қоғамның санасы "толық жетілмегенін",патриархалды таным-түсініктің басым екенін баяндап, еркекті "төбеге көтеруді" мешеулікке балады:

Еркек не істесе де, биік болу керек дейді. Бұл біздің қоғамның мешеулігі, сауатсыздығы. Мен жылдар бойы бұл мәселемен күресіп келемін, -деді Баян Алагөзова.  

Сонымен қатар, продюсер Бишімбаевтың қулыққа салмақ болғанын, халықты өз шындығына иландыруды жоспарлағанын байқағанын да айтып қалды. 

Оның айыпты болғаны алғашқы емес. Бірінші рет тағылған айыптан сытылып шығып кетті. Жолы болды. Жолы болғыш адам. Менің ойымша, ол қоғам тағы да оның сөзін сөйлейді, айтқанына ереді деп ойлады. Рас, ондайдар бар. Мен онікі дұрыс дейтіндерді де білемін. Ол бәрін өз шындығына нандыруғ тырысады. Соттағы алқабилерді де ескеруіміз керек. Арасында бір-екі адамның өзі оның жағына шықса, жазасы да жеңілдейді. Егер сот жабық болса, осы былықтың бәрі ың-шыңсыз өтіп кетер ме еді? Қазір бұл істі бүркемелеу мүмкін емес, - деді Баян Алагөзова.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар