Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ернеуінен асып тұр. Қазақстанда қанша су қойма толып тұр?

09:15, 03 мамыр 2024 343

Еліміздегі су қоймаларындағы жағдайды Су ресурстары және ирригация Министрлігі баяндады. 

Осы сағатқа еліміздегі су қоймаларындағы жағдай келесідей:

  • БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды.
  • Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы.
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%.
  • Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%.
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.
  • Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы.
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар