Жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні одан бір сұрақты қайталап 175 рет сұрағаны белгілі болғанын баяндады.
"Барлық видеода ол Нүкенованың некеде тұрған ер адаммен жыныстық қатынаста болғанын мойындауға мәжбүрлеген. 8-9 қарашадағы қылмысты дәлелдейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Бишімбаев 20 минуттан астам уақытта 175 рет "Сен Баталовпен жыныстық қарым-қатынасқа түстің бе, мойында” деген. Осы сөзді 175 рет бір сарында сұрай береді", – деп атап өтті адвокат.
Адвокаттың айтуынша, Бишімбаев соңында дене жарақатын салу арқылы Нүкеноваға сұрағына жауап беруіне күштеп, ақыры мойындатқан.