Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ешқайда барғалы жатқан жоқпыз". Қорғаныс министрі Ресей шекарасын қорғауға бізден әскер баратын-бармайтыны туралы айтты

11:42, 07 маусым 2023 223


 

Журналистер анонимді телеарналар ҰҚШҰ құрамындағы Қазақстаннан Ресей шекарасын қорғау үшін Воронеж және Белгород облыстарына кіруді сұраған деген жаңалықтарды таратқанын атап өтті.

Алайда Руслан Жақсылықов мұны фейк деп атады.

"Стоп-фейк бар екенін білесіздер. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ретінде айтайын Қазақстанның Қарулы күштері өз аумағымызда, бару, қандай да бір мәселелерді шешу міндеттемелерін, бітімгершілік миссияларын тек БҰҰ аясында атқарамыз, бірақ ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында орындамаймыз және ешқайда барғалы жатқан жоқпыз, уайымдамаңыздар. Біз ешқайда кетпейміз", – деп сендірді Қорғаныс министрі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?