Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Есірткі беріп зорлап, денесін күйдірген: Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікке итермелеген

11:10, 08 тамыз 2024 3057

Қызылорда облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің сөзінше, 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz  сайтына сілтеме жасап.

Дина Таңсәрі 16 жастағы оқушыны сыныптастары ақпаннан бастап туыстарымен жезөкшелікке сатқанын, қыз - бір үйдің жалғызы екенін мәлімдеді.

"Ол ақпаннан бастап жоғалып кете бастаған, ата-анасы полицияға, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға іздеу үшін жүгінген, бірақ олар қызды іздемеген, ол аз болғандай ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан, қорыққан ата-ана қыздарын өздері іздеген", - деді ол.

"Немолчи" қорының жетекшісі ұсынған мәліметке сүйенсек, қыз ауық-ауық байланысқа шығып, видеомен хабарласып, кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтқан. Ата-анасы айтылған жерге барғанда, ол жақтағылар қыздың жай ғана видео түсіріп, кетіп қалғанын жеткізген. Қыздың сөзінше, ата-анасы шу шығармас үшін оны осылай жасауға мәжбүр еткен.

"Ақпаннан бастап ол мектептегі сабағына қатыспаған, кейде ата-анасына жіберіп тұрған кезде ғана сабаққа барып жүрген. Директор мұғалімдермен бірге қызға психологиялық тұрғыдан қысым жасай берген", - деп жазды Таңсәрі.

Қоғам белсендісінің сөзіне сүйенсек, қыздың сыныптастары туыстары Астанадан екенін, ол жақта "крышалары" барын, тіпті қызға ата-анасын өлтіретінін айтып қорқытқан.

"Қыз ата-анасы үшін қорыққан, өйткені ол бұл адамдардың қауіпті екенін білген. Оған үнемі есірткі беріп, зорлаған. Бұл туралы бәрі білген, қыздың ата-анасы мұғалімдер мен мектеп директоры, учаскелік полицей білетініне де сенімді. Кеше мұның бәрі ашылды. Өйткені олар қыздан үлкен сомада ақша сұраған, ал бұл соманы таппаса, шашын, қастарын қырып тастайтынын айтқан. Қыз ақшаны Instagram-дағы досынан сұрауды ұйғарған, ал досы шыдай алмай, қыздың ата-анасына мән-жайды хабарлаған.

Шын мәнінде жағдай адамшошитындай болып шықты, қызды азаптап, мефедронды күштеп қабылдауға мәжбүр еткен, тұншықтырып, балқытылған пакеттермен күйдіріп, қорлаған, жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің сайтына тіркеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етіп, ақшасын алып жүрген", - деп жазды "Немолчи" қорының жетекшісі.

Дина Таңсәрінің айтуынша, Қызылорда полициясы тергеу жүргізіп жатыр, күдіктілер ұсталған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар