Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Фариза Ескермес: «Әр екінші еркек - абьюзер, 2-3 әйел алу - қалыпты нәрсе»

09:21, 03 қараша 2024 2412

Белгілі әнші, актриса Фариза Ескермес журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында еркектер туралы ойын ашық айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Әр екінші еркек қызғаншақ, абьюзер. Рас па? Рас! Әйелдері де, қыздары да көздері жаутаңдап, анда барса анда, мында барса мында, өзінің пікірі жоқ, жабылған күйінде не істерлерін білмей жүреді. Ондай қыздар өте көп. Сенімділік жоқ. Ондай жағдай көп, жоқ демей-ақ қояйық. Бұл бізде бар мәселе. Біз еркектердің сол қателігін түсіндіре алмай келе жатырмыз. Бұл отбасыға байланысты. Бәрі отбасыдан шығады. Қазір діндарлар 3-4 әйел алуға болады деп айтады. Екінші, үшінші әйел алу қалыпты нәрсе дейді. Бұл дұрыс емес. Әйеліңді сүй, соны дәлелде. Екінші әйел алу оңай. Ал бір әйелмен соңына дейін болу — қиын», — деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?