Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Француз актері Жерар Депардье 21 әйелге азғындық жасаған ба?

16:51, 28 қазан 2024 592

Бүгін Парижде француз актері Жерар Депардьеге қарсы алғашқы сот процесі басталады. Ол жыныстық зорлық жасады деген айыпқа ілінген, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz мәліметіне сүйеніп.

 

BILD басылымының жазуынша, белгілі актер 2021 жылы Les Volets verts ("Жасыл жапқыштар") фильмін түсіру кезінде екі әйелге жыныстық қысым көрсеткен.

Картинада жұмыс істеген декоратор және режиссердің көмекшісі Депардьені жыныстық зорлық, жыныстық қолсұғушылық және сексистік қорлау бойынша айыптаған.

Актердің адвокаты Жереми Ассус Депардье бүгінгі отырысқа жеке өзі келетінін мәлімдеді. 

"Ол ұсынатын куәгерлер мен дәлелдер Депардье жалған айыптаулардың нысанына айналғанын көрсетеді. Талапкерлер өтемақы өндіріп, 6 000-нан 30 000 еуроға дейін байып қалуды көздейді” дейді актердің адвокаты.

Куәлердің сөзінше, Депардье түсірілім алаңында өзіне бағынышты әйелдерді сүйіп, олардың кеуде тұсына қолын жүгіртіп, азғындық танытқан.

"Мен онымен бірге түсірілімде болдым. Ол ешқашан "доғар" дегенді естіп көрмеген, әрекетін қоймайтын құбыжық” деді Депардьенің әріптесі, актриса Матье Кассовиц.

Кейбір француз телеарналары Жерар Депардье қатысқан фильмдерді таратудан бас тартқан. Сонымен қатар, оның Париждегі Гревен мұражайындағы балауыз мүсінін бөлшектеп, оны Құрметті легион орденінен айырған.

Киносыншылардың пікірінше, "Жасыл жапқыштар" фильмі Депардьенің ұзақ фильмографиясындағы соңғы туырды болмақ. Ол жыныстық қудалау бабы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жерар Депардьеге қарсы бес сі қаралуда. Оның үстінен 21 әйел шағымданған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?