Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Головкин айлық алмайды. Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

15:19, 14 шілде 2024 585

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті әлеуметтік желіде айтылған комитет президенті Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ сайты комитеттің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Головкин президенттік қызметті ерікті негізде атқарады. Оған ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ", - делінген мәлімдемеде.

Ұйымның қызметі демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Естеріңізде болса, 26 ақпанда Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып тағайындалды.

ҰОК мәлімдеуінше, Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады, яғни, оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.

Оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған. Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекет бюджеті ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асып жатыр, деп жазды ҰОК.

Ал жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтқанда, ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салған.

Айта кетейік, бокстан Афины – 2004 Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев әлеуметтік желідегі сұхбатында Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты «нақты білмеймін. Бірақ 20-25 миллион теңге көлемінде жалақы алады деп естідім» деген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар