Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Gorilla секілді энергетиктерді ішуге болады ма? Мүфтият жауап берді

15:48, 21 қараша 2024 249

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы энергетикалық сусындарды ішуге қатысты пәтуа шығарды, деп жазады Alash.KZ.

Айта кетсек, энергетикалық сусын – құрамында кофеин, қант, психостимуляторлық заттар қоспалары (матеин, гуарана, женьшень, шөп сығындылары, цикламат, сахарин, сукралоза) бар, орталық жүйке жүйесіне стимулятор ретінде әрекет ететін психикалық және физикалық адамдардың денсаулығына әсер ететін тәуелділікті тудыратын газдалған алкогольсіз немесе алкоголі аз сусын.

Діни басқарма егер энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да, оны ішуге тыйым салынатынын жеткізді. Дәлел ретінде Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) «Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам» деген сөзін келтірді.

Сондай-ақ, кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат етілетінін айта отырып, алайда құрамында адам денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс және тағы басқа) қолдануға тыйым салынатыны атап өтілді.

Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, тағы сол сияқты) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болған дұрыс. Сусынның құрамында шариғатта тыйым салынған нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат. Алкогольды энергетикалық сусындарды ішу – харам. 

Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады, – делінген ҚМДБ үкімінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар