Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хайырлысы осы шығар: Мереке Қалбаева күйеуімен ажырасу алдында жүргенін айтты

14:45, 23 қазан 2024 6117

Жайдарманшы Мереке Қалбаева күйеуімен ажырасуға дейін барған кикілжің туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

“Сау басыма сақина тілеп алдым. Биыл екі күннің бірінде жылаумен болдым. Арсен “Сенің қолыңнан бизнес жасау келмейді” деді. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Бірақ сәтсіздіктен көз ашпадым. Тауар сата алмай, қарызға кіре бердім. Жеті миллион теңгенің көлігін ұтысқа салып, өзім дымсыз қалдым. Мен бизнеске араласқалы үйімнің берекесі кетті. Жүрегімнің тыныштығы жоғалды. Күйеуімізбен арамыз суып кетті. Бәрін күйеуіме дәлелдеу үшін жасап едім, бекер болды”, – деді блогер.

Мереке Қалбаева күйеуінен кешірім сұрағысы келетінін айтты.

“Қолдаған жүректерге рақмет айтамын. Мен қолымнан келгенше әрекет еттім. Демек хайырлысы осы шығар?! Тоқтамай жалғастыра берейін десем Арсенмен ажырасып тынайын деп тұрмын. Сондықтан кейде артқа қадам жасау да көмектеседі. Өзім білмедім, білгеннің тілін алмадым. Әйелдер эмоцияға көп берілеміз, кез-келген істі ақылдасып шешуге тырысайық! Арсенді көп ренжіттім. Енді кешірім сұрау керек болып жүр. Оған да уақыт келер. Ал бізден жаңа сериалдар мен әндер күтіңіздер!”, – деп жазды әзілкеш.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?